Василий Маруняк: Жалпы алғанда ойын барсы көңілімнен шықты

Василий Маруняк: Жалпы алғанда ойын барсы көңілімнен шықты
«Астана-М» Бірінші Лига аясында сырт алаңда «Ақтөбе-Жас» командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Василий Маруняк кездесу туралы өз пікірімен бөлісті.

<span>- Ойын барысын бақылауда ұстап, қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, жақсы матч өткердік. Артынша қарсыласқа басымдықты беріп қойдық. Екінші таймда ойынға қайта оралып, гол соғатын бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымызбен, шабуылды соңына дейін жеткізе алмай жаттық. Дегенмен, қажетті голды соқтық. Алайда, ойынның соңғы минуттарында стандарттан қақпамызға гол жіберіп алдық. Бұл үзілістен кейінгі алғашқы ойын болғандықтан, ойын барысы көңілімнен шықты. Жігіттердің жеңіске деген құлшынысына сын таға алмаймын. Аладағы уақытта команда көшбасшылары сапалы ойын көрсетеді деген сенімдемін. </span>

<span><span lang="KZ">- Транферлік терезеде команда қатарын төрт жаңа ойыншымен толықтырды. Осы ойыншыларға қандай баға бересіз?</span></span>

<span>- Жаңа келген ойыншылардан тек Қашкен ғана алаңға шықты. Ол өз деңгейінде ойын көрсетіп, қателікке көп бой алдырған жоқ. Дегенмен, оған Бірінші Лигаға толықтай бой үйрету үшін уақыт қажет. Мосинды біз қосалқы құрамда қалдырғанды жөн көрдік. Ол өз бабына келген уақытта алаңға шығатын болады. Бұл Күшікбаев, Мырзабек және Пичкаревке де қатысты жағдай. Біздің командада тек үздіктер ғана негізгі құрамда алаңға шығады. Сондықтан команда құрамындағы әр ойыншы өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, дәлелдеулері қажет. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или