Қазақстан құрамасының ойыншысы мансабында Англияда жалғастырады

Қазақстан құрамасының ойыншысы мансабында Англияда жалғастырады

Қазақстан құрамасының ойыншысы Мартен Сен-Пьер Англияның «Шеффилд Стилерз» командасына ауысты.

35 жастағы хоккейші англиялық клубпен бір жылдық келісімшартқа отырды. Бұған дейін Бейжіңнің «Куньлунь Ред Стар» командасында ойнаған Сен-Пьер Қазақстан құрамасының сапында әлем чемпионатына қатысып, 5 ойынға қатысты.

Мансабында «Барыс», «Адмирал», «Медвешчак», «Лозанну», «Монреаль Канадиенс», «Зальцбург», «Кярпят», «Нефтехимик», «Оттаву Сенаторз», «Бостон Брюинз», «Чикаго Блэкхокс» және «Химик» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или