Нанкиннен тағы бір алтын. Еркін күрестен Мұхамед Қуатбек топ жарды

Нанкиннен тағы бір алтын. Еркін күрестен Мұхамед Қуатбек топ жарды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Нанкиндегі ІІ жасөспірімдер Олимпиадасының соңғы күнінде Мұхамед Қуатбек еркін күрестен қазақстандық спорт тарихындағы Олимпиада чемпионы атанды. </strong></p> <p style="text-align: justify;"> Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясы хабарлады. Дереккөздің мәлімдеуінше, 54 келіге дейін салмақ бойынша сынға түскен Қуатбек ресейлік Әмірхан Гуважоковты 6:3, Вахинак Мативосянды (Армения) 3:0, Брам Ричардсті (Жаңа Зеландия) 10:0 және Элизер Ауларды (Венесуэла) 12:1 есебімен жеңді. Ал финалда қазақстандық балуан америкалық Датон Фикспен кездесіп, 7:6 есебімен басым түсті.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или