Голубев пен Недовесов Прага турнирінің финалында ұтылып қалды
<span>Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Прага челленджер турнирінің финалында ұтылып қалды.</span>
<span>Қазақстандық жұп финалда уругвайлық Ариэль Бехар мен эквадорлық Гонсало Эскобармен күш сынасты. Голубев пен Недовесов жарысқа арнайы шақыртумен келсе, қарсыластары турнирдің үшінші ракеткалары еді. </span>
<span>Бірінші партия тартысты өрбіп, тай-брейкке дейін жетті. Онда қазақстандық жұп жеңіске жетті – 7:6 (7:4). Екінші сетте угугвайлық-эквадорлық жұп брейк жасап, алға шықты – 2:1. Қазақстандықтар қарсыласып баққанымен, олар дегеніне жетті – 7:5. Содан кейін Бехар мен Эскобар 10:8 есебімен матчты түйіндеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или