Головкин кіммен жекпе-жек өткізеді?

Головкин кіммен жекпе-жек өткізеді?

Los Angeles Times инсайдері Лэнс Пагмайр қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі қашан, кіммен және қай жерде өтетінін мәлімдеді.

- Санта-Антонио қаласындағы Alamodome стадионын 21 не 26 қазан күні өтетін бокс кешін қабылдауға дайындалып жатыр. The Athletic мәлім еткендей, бұл күні шаршы алаңға Геннадий Головкин мен Хайме Мунгия шығуы мүмкін, - деп жазды Лэнс Пагмайр.

Айта кетейік, Хайме Мунгия бірінші орта салмақта WBO чемпиондық белбеуінің иегері. 21 жастағы боксшы мансабында 33 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или