Көз жұмған ресейлік боксшының қарсыласы сыйақысынан бас тартты
Жекпе-жектен алған жарақатынан соң көз жұмған Максим Дадашевтың қарсыласы Сабриэль Матиас сыйақысын алудан бас тарты.
- Маған бұл чек қажет емес. Бұл Матиастың бірінші сөзі болды, - деді пуэрторикалық боксшының өкілі Фернандо Газтамбиде.
Айта кетейік, Дадашев пен Матиас арасындағы жекпе-жек 11 раундта тоқтатылған. Ресейлік боксшы айқасты жалғастыра алмай, рингтен шыққан соң бірден емханаға жеткізілді. Арада үш күн өткенде көз жұмды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или