Алексей Шпилевский: Голымызды ережеге сай соқтық
«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский Еуропа лигасының іріктеу туры аясында өткен «Хапоэльге» қарсы матч туралы пікір білдірді.
- Ойынның басында қақпаңа пенальти алған, әрине, жаман. Біздің ойыншы ереже бұзды ма, білмеймін. Дегенмен ойынға қайта тез оралып, шабуылды үдете түстік. Тек соңғы тура соққы жетіспей тұрды. Матч соңына дейін гол соғуға тырыстық. Голымызды ережеге сай соқтық деп ойлаймын. Мен тұрған жерден қорғаушымыздың қолмен ойнағаны байқалмады. Бірінші матчта жеңілдік, бірақ алда қарымда ойын бар. «Хапоэльді» Қазақстанда күтеміз, - деді Алексей Шпилевский.
Айта кетейік, Алматының «Қайраты» сырт алаңда израильдік «Хапоэльге» 2:0 есебмен жол берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или