Елеусінов Техастағы бокс кешінде шаршы алаңға шықпайды

Елеусінов Техастағы бокс кешінде шаршы алаңға шықпайды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) мексикалық Оскар Кортеске (27-4, 14 КО) қарсы жекпе-жег аталған күні өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Техастағы бокс кешінде орын алуы тиіс болатын. Ол күннің басты жекпе-жегі <span>америкалықтар Хосе Карлос Рамирес (24-0, 16 КО) пен Морис Хукер(26-0, 17 КО) арасында өтеді. Қазақстандық боксшының қатысуымен болатын кездесуі тізімнен алып тасталынды. </span>

Бұған дейін БАҚ-та хабарланғандай, жекпе-жектің кейінге шегерілу себебі - қазақстандық боксшының денсаулығына байланысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или