«Канело» Головкиннен қашып жүр ме

«Канело» Головкиннен қашып жүр ме

Портал Boxingscene.com порталының жазуынша, Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші мәрте төбелесем деп ешкімге уәде де, ешбір жерге қол да қоймады. Алайда, DAZN стириминг платформасы үшін бұл өте тиімді болар еді. 

- DAZN-ның атқарушы директоры мексикалық Альварестің қарсыласы ретінде шаршы алаңда екі боксшыны ғана көргісі келеді. Олар: Ковалев немесе Головкин. Украиналық Деревянченкомен де шығуы мүмкін, бірақ ол үшін, Головкинмен төбелесіп, чемпиондық титулын қорғап қалуы тиіс.

Альварес әлі күнге дейін Геннадиймен үшінші рет кездесуге шығудан бас тартып жүр. 

DAZN қанша жерден «Канелоға» талап қойғанымен, келісімшарт бойынша ол Головкинмен тағы бір жекпе-жек өткізуге міндетті емес - деп жазды портал. 

Айта кетейік, кеше ғана мексикалық боксшының командасы Саульдың қыркүйекте жек-жек өткізбейтінін мәлім еткен болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или