Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

26-28 шілде күндері Алматының Орталық стадионында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді.

Үш күнге созылатын жарыста спортшылар жеңіл атлетиканың 20 түрінен бақ сынап, ерлер мен әйелдер арасындағы эстафета жеңімпаздарын анықтайды. 

Ел біріншілігіне қатысуға 160 адам өтінім берді. Олардың ішінде 103 ер адам, 57 әйел адам бар.  Турнирге еліміздің барлық аймағынан, сондай-ақ, Тәжікстаннан спортшылар қатысады. 

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның ең алғашқы чемпионаты 1992 жылы өтті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или