Дадашев – Матиас жекпе-жегіне қатысты тергеу жүргізіледі
АҚШ-тың Атлетикалық комиссиясы (MSAC) ресейлік боксшы Максим Дадашев пен пуэрторикалық Сабриэль Матиастің жекпе-жегіне қатысты тергеу жүргізеді.
<span>«Максим Дадашевтің қазасы MSAC өкілдерінің қабырғасын қайыстырды. Спортшының отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Мэрилендтің атлетикалық комиссиясы бұл істі қарайды», – делінген The Washington Post-та жарияланған мәлімдемеде. </span>
<span>Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дадашев Матиаспен болған жекпе-жектен соң есінен танып қалып, оған операция жасалған. Өкінішке қарай, дәрігерлер боксшының өмірін сақтап қала алмады. Былғары қолғап шеберінің денесі жақын арада Ресейге жеткізіліп, 28 жастағы спортшы Петербургте жерленеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или