Жекпе-жектен кейін көз жұмған боксшының әйелі жүрек елжірететін жазба жариялады
АҚШ-та жекпе-жек кезінде алған жарақатынан қаза болған 28 жастағы ресейлік боксшы Максим Дадашевтің әйелі әлеуметтік желіде жүрек елжірететін жазба жариялады <br /><br />"Менің махаббатым! Сен әрдайым менің жүрегімдесің, қайғыдан қан жұтып отырмын! Отбасымыз үшін өте ауыр уақыт туды", - деп жазды боксшының жары. Боксшының артында бір баласы қалған.
Ресейлік боксшы Максим Дадашев 19 шілде күні АҚШ-та пуэрторикалық Субриэль Матиаспен кездесу өткізді. Бірінші жартылай орта салмақта бокстасатын спортшы жекпе-жекті 11-раундта тоқтатуға мәжбүр болған. Кездесуден кейін Дадашевтің жағдайы нашарлай түскен. Есінен танған спортшы шұғыл ауруханаға жеткізілді. Оған екі сағат бойы ота жасалған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или