Қанат Исламның промоушені көз жұмған ресейлік боксшының отбасына көңіл айтты
Қанат Исламның промоутерлік компаниясы ауыр жарақаттың салдарынан көз жұмған ресейлік боксшы Максим Дадашевтың отбасына қайғырып көңіл айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.
28 жастағы спортшының жарақаттан жүрегі шыдас бермеген. Максим Дадашев пуэрторикалық Сабриэл Матиасқа қарсы жекпе-жектен соң есінен талып, дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер боксшының миына қан кеткенін анықтап, оның халі ауыр екенін мәлімдеген болатын.
<span>- QAZAQ PROMOTIONS командасының атынан біз Максим Дадашевтің туған-туыстарына, жақындарына және барлық командаға шың көңілімізді айтамыз! </span><span>Жатқан жері жарық болсын!, - деп жазды промоушен Instagram парақшасында.</span>
Бұған дейін 13 жекпе-жегінде қарсыласынан басым болған Максим Дадашев алғашқы жеңілісінен соң көз жұмды.