«Санта-Колома» бапкері: Астана — кездесудің анық фавориті

«Санта-Колома» бапкері: Астана — кездесудің анық фавориті
УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Санта-Колома» – «Астана» матчы арасындағы алғашқы ойын алдында андорралық команда бас бапкері Марк Родригес Ребульдің қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
- «Астана» ертеңгі кездесудің анық фавориті деген пікірмен келісесіз бе?

- Әрине, «Астана» - анық көшбасшы. Біз өзімізге тән футбол үлгісін көрсетіп, қолымыздан не келетінін алаңда көрсеткіміз келеді.

- Ертең қарсылас команда қандай ойын үлгісін көрсетеді деп ойласыз?

- «Астана» командасын мен өте жақсы білемін. Олар допты бақылауда ұстай алатын, физикалық дайындықтары өте жоғары ұжым. Сондықтан да, ертеңгі ойындағы олардың басымдықтары осы жағында болады. Қарсылас команда құрамында Марин Томасов және Антонио Рукавина сияқты екі мықты ойыншы бар.

- Сіздің команда сапында өткен жылы Қазақстанға қарсы кездесуде ұпай еншілеген Андорра құрамасының бірнеше ойыншысы өнер көрсетеді. Олармен ойын туралы сөйлестіңіз бе?

- Біздің мемлекет өте кішкентай. Сондықтан да барлығымыз бір-бірімізді танимыз, әрдайым сөйлесіп, хабарласып тұрамыз (күледі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или