Александр Симчевич: Мен «Ақтөбеге» міндетті түрде қайтып келемін
«Ақ-қызылдардың» қорғаушысы маусым соңына дейін «Тараз» командасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Жанкүйерлер жақсы көріп Сима атап кеткен ойыншы клубтың баспасөз қызметіне «Тараз» командасына ауысатындығы жайлы айтып берді.

- Шынымды айтсам, маған оңай болмады. Командаға ешқандай көмектесе алмайтындығыма қапалымын. Бұл жағдай маған байланысты емес екендігі, қатысым мүлде жоқ екендігі мені одан сайын қынжылтады. Мен «ақ-қызыл» отбасыға, стадионға, жанкүйерлерге қатты бауыр басып қалдым. Бірақ бұл менің шешімім емес – «бан» себепті «Ақтөбеде» ойнай алмайтын болғандықтан, мен басқа командаға ауысуға мәжбүрмін.
«Тараздан» ұсыныс түскен кезде бірден келісім бердім. «Таразға» маған ұсыныс жасағандарына алғыс білдіремін, командаға көмектесу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.

- Маусым аяқталған соң «Ақтөбеге» қайта ораласың ба?

- Әрине! Мен міндетті түрде қайтып келемін. Мен «ақ-қызылдармен» бірге болғым келеді, бетін әрмен қылсын, тіпті Бірінші лигаға ұшып кетсе де командада ойнауға дайынмын.