Бокстан жасөспірім қыздар арасында халықаралық турнир басталды
<span>Алматыда бокстан 2003-2004 жылы туған боксшы қыздар арасында ҚР еңбек сіңірген бапкер Жанбек Құлниязовтың жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. </span>
<span>Турнирге Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстан спортшылары қатысуда. </span>
<span>Аталмыш турнир қазан айында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі саналмақ. </span>
<span>Жанбек Құлниязов бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың жеке бапкері. Сондай-ақ, қазіргі сәтте бокстан жасөспірім қыздар командасын жаттықтырады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или