«Санта-Колома» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы

«Санта-Колома» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

23 шілдеден 24 шілдеге қараған түні «Астана» футбол клубы Андорра чемпионы - «Санта-Колома» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойын Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткелі отыр.

Екі команда да жарыс жолын чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастаған. «Астана» бірінші кезеңнен сүрінсе, «Санта-Колома» алдын-ала іріктеу кезеңінде жеңілске ұшырады. Енді қос команда бағын Еуропа лигасында сынап көрмек.

Бұл жұптың анық фавориті - «Астана». Бас бапкер Роман Григорчуктің айтуынша, елордалықтар қарсыласты бағалай отырып, ойынға тыңғылықты дайындалып жатыр.

«Санта-Колома» – «Астана» матчы 23 шілдеден 24 шілдеге қараған түні Нұр-Сұлтан уақыты cағат 00:00-де басталады. Ойын тікелей эфирде YouTube желісінде көрсетіледі. Сілтеме матч уақыты жақындағанда жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер