«Ең ыңғайлы уақыт». БАҚ Головкиннің келесі жекпе-жегі жайлы айтты

«Ең ыңғайлы уақыт». БАҚ Головкиннің келесі жекпе-жегі жайлы айтты

Boxingnews24.com порталының жазуынша, Сауль «Канело» Альварес өз жекпе-жегін кейінге қалдыру арқылы Геннадий Головкиннің кездесу өткізуіне жол ашты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Альварес орта салмақта IBF титулын босататын шығар, сол кезде Головкинге сол белбеуді Сергей Деревянченкомен сарапқа салатын мүмкіндік пайда болады. Сонымен қатар, Головкиннің ықтимал қарсыластары ішінде Хайме Мангуя бар.

Головкиннің командасы 14 қыркүйектегі жекпе-жек жайлы ресми хабарлаған жоқ, бірақ бұл кездесу өтетін шығар. Бұл ыңғайлы уақыт, Головкин үшін одан артық ыңғайлы күн жоқ, сондықтан қазақстандыққа бас тарту қиын болады», - деп жазды.

Еске сала кетсек, Головкин 9 маусымда канадалық боксшы Стив Роллспен кездесіп, нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или