Теннис

Елена Рыбакина Бухарест турнирінің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина Бухарест турнирінің жеңімпазы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест WTA турнирінің жеңімпазы атанды.

Дүниежүзілік рейтингте 106-орында тұрған Е.Рыбакина финалда румыниялық Патриция Мария Тигпен кездесті.

Бұл қазақстандық теннисшінің өз спорттық жолындағы WTA жарысындағы алғашқы финалы еді. Қарсыласы, 24 жасар румыниялық спортшы жарақаты мен сәбилі болуына байланысты 18 ай үзілістен кейін кортқа шыққан болатын.

Ол іріктеу сайыстарын сәтті өткізіп, негізгі додаға қосылған-ды.

Бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасап, өз геймін алды – 3:1. Бұдан кейін де ол тағы бір брейкке қол жеткізіп, қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:2.

Екінші сетте қазақстандық теннисші 4:0 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 5:0. Ақыры Рыбакина қарсыласына бірде-бір гейм бермеді – 6:0.

Финалдық бәсеке 1 сағат 5 минутқа созылды.

Осылайша 20 жасар Е.Рыбакина жүлде қоры 226 750 АҚШ долларына бағаланған жарыстың жеңімпазы атанды. Бұл оның WTA турниріндегі алғашқы жеңісі.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер