Александр Бублик Ньюпорттағы турнирдің финалына шықты

Александр Бублик Ньюпорттағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ньюпортта өтіп жатқан Hall of Fame Open турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз 1/2 финалда испаниялық Марсел Гранольерсті жеңді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матч 7:6, 3:6, 6:4 есептерімен Бубликтің пайдасына шешілді.

Финалда Александр Бублик, американдық Джон Изнер - франциялық Уго Умбер жұбының жеңімпазымен сынға түседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или