Жеңіл атлеттеріміз Беларусьтағы турнирде екі медаль жеңіп алды

Жеңіл атлеттеріміз Беларусьтағы турнирде екі медаль жеңіп алды

Брест қаласында жеңіл атлетикадан Беларусь ашық кубогінің алғашқы жарыс күні аяқталып, қазақстандықтар екі медаль еншіледі.

3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Дмитрий Иванчуков күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 8:51.54 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, ҚР спорт шебері нормативін орындады.

Осы қашықтыққа жүгіруден әйелдер арасындағы сында Татьяна Нерознак қола жүлдегер атанды. Татьяна Беларусь спортшыларына есе жіберген.

Сондай-ақ, Ислам Аманғос 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, Виктория Сергеева 5000 метрге жүгіруден 5-ші орын иеленсе, Рақымжан Келманов 8-ші сатыға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или