«Ордабасы» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды

«Ордабасы» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Шымкенттің «Ордабасы» командасы UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бүгін олар сырт алаңда Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасын жеңіп кетті.

Бір апта бұрын Шымкентте өткен ойында олар 1:0 есебімен жеңген еді.

Кездесу соңына таман «Ордабасы» екі гол соқты. Оны 81-минутта Мирзад Механович, 94-минутта Зиги Бадибанга соқты. Осылайша «Ордабасы» қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.

Шымкенттік клуб екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Млада-Болеслав» командасымен кездеседі.

УЕФА Еуропа лигасы 2019/20, қарымта матч

«Торпедо» К «Ордабасы» 0:2 (0:0)

Алғашқы ойын – 0:1

Гол: Механович 81, Бадибанга 90+4

«Ордабасы»: Непогодов (Қ), Малый, Фонтанелло (К), Ерланов, Быстров, Диакате, Махлангу, Ковальчук, Досмағамбетов, Пауло, Щеткин.

«Торпедо» К: Квасхвадзе (Қ, К), Табатадзе, Небиеридзе, Чичинадзе, Хурцилава, Цинцадзе, Пониава, Капанадзе, Кобахидзе, Надарая и Долидзе.

18 шілде, Тбилиси, Михаил Месхи стадионы.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер