Ткачук пен Жунич «Атырау» сапынан кетті

Ткачук пен Жунич «Атырау» сапынан кетті

Украиналық жартылай қорғаушы Андрей Ткачук және сербиялық қорғаушы Ивица Жунич «Атырау» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ткачук «Атырауға» жарты жыл бұрын қосылып, «мұнайшылар» үшін 17 матч өткізіп, бір гол соқты.

Жунич аталмыш клуб қатарына 2019 жылдың ақпан айында қосылған болатын. Қорғаушы жалпы саны 18 матчқа қатысып, екі гол авторы атанды. 

Еске сала кетейік, «Атырау» үш ойыншысымен қоштасатын жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или