«Қайрат» Еуролиганың екінші іріктеу кезеңіне шықты

«Қайрат» Еуролиганың екінші іріктеу кезеңіне шықты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін UEFA Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысының қарымта ойындары аясында «Қайрат» «Широки Бриег» клубымен күш сынасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алғашқы минуттан алаң иелері ойын тізгінін қолға алуға тырысты. Арасында босниялық футболшылар қарсы шабуылға шығып тұрды. Дегенмен бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Ойынның 90-минутында алматылық клубтың қақпасына пенальти белгіледі. Оны «Широки Бриег» сапынан Дражен Багарич орындады. Содан кейін «Қайрат» ойыншылары Рамазан Оразов 92, Исламбек Қуат 93-минуттарда гол соқты. Осылайша, «Қайрат» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.

«Қайрат» — «Широки Бриег» кездесуінен бейнешолу

Естеріңізге сала кетелік, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде сырт алаңда «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Енді олар 23 шілде және 1 тамызда Израильдің «Хапоэль» (Безр-Шева) және Албанияның «Лачи» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Бүгін Шымкенттің «Ордабасы» клубы сырт алаңда Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен кездеседі. Алғашқы ойында «Ордабасы» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23.00-де басталады. Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

УЕФА Еуропа лигасы 2019/20, қарымта матч

«Кайрат» «Широки Бриег» 2:1 (0:0)

Алғашқы матч – 2:1

Гол: Багарич 90 (пенальтиден), Оразов 90+1, Қуат 90+3

«Қайрат»: 27 Покатилов (Қ), 2 Ахметов, 5 Сүйімбаев, 7 Қуат, 8 Жуков, 9 Исламхан, (К), 10 Сейдахмет, 11 Эсеола, 14 Әбікен, 20 Дугалич, 24 Миканович.

«Широки Бриег»: М. Зломислич (Қ), 3 Квесич, 5 Матич, 7 Д. Чорич (К), 8 Франьич, 10 Бабич, 11 Йович, 14 М. Марич, 24 Ковачич, 32 Багарич, 35 Енин.

18 шілде. Алматы, «Орталық стадион»

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер