«Тобыл» «Женессті» жеңе алмады

«Тобыл» «Женессті» жеңе алмады
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы аясында «Тобыл» мен «Женесс» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 22-минутта люксембургтік қорғаушы Халим Меддур өз қақпасына гол соғып алды. Алайда 59-минутта Мехмет Арслан есепті теңестіре алды.

Осылайша, қонақта гол соққан (бірінші матч — 0:0) «Женесс» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Ал «Тобыл» еурокубок маусымына жорығын аяқтады.

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі:

«Тобыл» - «Женесс Эш» (1:1)

Гол: 22, Меддур (автогол) – 59, Арслан (пенальти)

Бірінші матч нәтижесі – 0:0

Алаңға шыққан ойыншылар тізімі:

«Тобыл»: Эмиль Балаев (Қ) - Никита Бочаров, Виктор Дмитренко, Фернандер Кассай, Джаба Канкава, Дмитрий Мирошниченко - Артурас Жулпа, Ника Квеквескири, Азат Нұрғалиев (К), Бауыржан Тұрысбек - Сенин Себаи;

Резервте: Жасур Нарзикулов (Қ) - Руслан Валиуллин, Султан Абилгазы, Данияр Семченков - Самат Жарынбетов, Михаил Гордейчук, Максим Федин;

Бас бапкер: Владимир Газзаев.

«Женесс Эш»: Кевин Сомме (Қ) - Алессандро Фьорани, Халим-Меди Меддур, Йоханнес Штейнбах, Эмманюэль-Эрве Ляпьер - Милош Тодорович (К), Арсен Менссу, Лука Дурьятти - Мехмет Арслан, Давид де Соуза, Алмир Клица;

Резервте: Лукас Фокс (Қ) - Клейтон Морейра, Рик Бриту Оливейра - Андреа Дейдда, Дани Де Соуза, Брандон Роша - Янник Макота;

Бас бапкер: Николас Хейсман.

18 шілде, «Астана Арена»

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер