Темірлан Райымқұлов кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін өткізеді

Темірлан Райымқұлов кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық боксшы Темірлан Райымқұлов (2-0-2) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

28 жастағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы 20 шілдеде ресейлік Геленджик қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Жерлесіміздің қарсыласы - Швеция өкілі Шади Гамхур (10-0, 8КО). Кездесу сегіз раундқа есептелген.

Райымқұлов соңғы жекпе-жегінде Максим Вошковпен қолғап түйістірді. 8 раундқа созылған жекпе-жек тең аяқталды. Бұл қазақстандық боксшының мансабындағы екінші тең есеп. Бұған дейін екі кездесуде жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или