Қайрат Ерәлиев Азия чемпионатында кеткен есесін қайтарды
Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев Азия чемпионатында кеткен есесін қайтарды. Президент кубогі додасында Ерәлиев үндістандық Синх Кавиндерді жеңді.
<span>Құрлық додасына Қайрат төрешілер шешімімен қарсыласқа жол берген еді. Азия чемпионатында Кавиндер финалға жетіп, күміс жүлдегер атанды. Өз жеріміздегі жекпе-жекте Ерәлиев 5:0 есебімен жеңіске жетті. 19 шілде күні өтетін жартылай финал бәсекесінде ол Алматы облысының өкілі Рустам Рустамовпен кездеседі.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или