PROСПОРТ-блог

10 күнде 3 клуб ауыстырды. «Жетісу» 108 млн-ға кімді сатып алды?

10 күнде 3 клуб ауыстырды. «Жетісу» 108 млн-ға кімді сатып алды?
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz сайты ҚПЛ тарихындағы оғаш трансфер туралы баяндамақ.

Ливанда өткерген 5 матч және Болгариядағы 10 күн

Мартин Тошев – ерекше футболшы. Өзінің Отаны Болгариядан басқа, ол Германия және Ливанда ойнаған. Енді Қазақстанда өнер көрсетпек, яғни, талдықорғандық клубтың намысын қорғайды.

Орталық шабуылшы өткен маусымда ливандық клуб сапында ойнады, алайда тек 5 матчқа ғана қатысты. «Септември Софиядан» еркін агент ретінде өткен жылдың маусым айында «Аль-Ахед» клубына ауысқан ол жарты жыл жасыл алаңға шықпады. Тек осы жылдың ақпан айында ғана қатарға қосылды. Нәтижелі ойын көрсете алмаған футболшымен ливандық клуб келісімшартты бұзды.

Transfermarkt тұжырымы бойынша 500 мың еуроға бағаланған ойыншы жақсы ойынымен көзге түсе алмай, екі есеге де арзандап кетті. Белді басылым ЦСКА 1948 және «Жетісу» клубтарына 250 мың еуроға түсті деп хабарлайды. Теңгемен есептесек, 107 952 500.

Қазақстанға келуі

Тағы бір қызық жәйтті атап өтсек – ЦСКА 1948 клубына 1 шілде ауысса, 13 шілдеде «Жетісу» сапында «Ертіске» қарсы ойнады.

Басқа басылымдардың ақпаратына сенсек, талдықорғандықтар Тошевтің трансферіне 115 мың еуро жұмсаған екен. 2018 жылы 11 матч өткізіп, 2019 жылы тек бір-екі ойында ғана бой көрсетіп, гол соқпаған футболшы «Жетісуға» не үшін керек болды екен?

Турнирлік кестеде алтыншы орында келе жатқан талдықорғандық клуб әзірге Мартин Тошевті қатарға қосқанын мәлім етпеді. «Ертіске» қарсы матчта алаңда 67 минут ойнаған болгариялыұ ойыншы жарытып көзге түсерліктей еш нәрсе жасамады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер