Бокс

Әбілхан Аманқұл Президент Кубогы додасына қатыспайды

Әбілхан Аманқұл Президент Кубогы додасына қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Әбілхан Аманқұл елордада басталған Президент Кубогы додасына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Әбілхан жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Сол себепті, Президент кубогі додасынан сырт қалып отыр. Алдағы бір-екі күннің ішінде ота жасау мәселесі анықталады», - дейді боксшының бапкері Нұрлан Ақүрпеков.

Команда дәрігері де бұл ақпаратты растап, боксшыны шұғыл емдеу басталатынын жеткізді. Дәрігердің айтуынша, Әбілхан жаттығу кезінде жарақат алып қалған.

Еске сала кетейік, Әбілхан Аманқұл былтырғы Қазақстан біріншілігінің финалында сол жақ иығын жарақаттап алған болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер