Төрт салмақта әлем чемпионы атанған боксшыны көлік қағып, қаза тапты

Төрт салмақта әлем чемпионы атанған боксшыны көлік қағып, қаза тапты

Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Пернелл Уитакер өмірден озды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Боксшыны көлік қағып кеткен. Алған жарақаттарынан спортшы қаза тапты.

Уитакер жеңіл салмақта 1982 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1983 жылғы Панамерикалық ойындардың жеңімпазы, 1984 жылғы Олимпиада чемпионы. Кәсіпқой бокста түрлі салмақтарда IBF, WBC, WBA чемпионы болған.

2002 жылы «Ринг» журналы Пернелл Уитакерді соңғы 80 жылдағы үздік 100 боксшының тізімінде 10-орынға қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или