Головкин ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы атанды
<span>Forbes журналы 2019 жылы ең көп қаржы төленген спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты кәсіпқой бокс жаңалықтар порталының Вконтакте парақшасына сілтеме жасап. </span>
<span>Тізімге қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин енген. </span>
<span>«GGG-дің биыл тапқан жалпы табысы 25,5 млн доллардан асты. Оның 23,5 млн доллары - Роллспен айқасы үшін гонорар, ал 2 млн доллар - демеушілік келісімшарттардан түскен. Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды», - делінген хабарламада. </span>
<span>Еске сала кетсек, Головкин маусым айында канадалық боксшы Стив Роллспен кездескен болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или