Нұр-Сұлтанда триатлоннан әлемдік сайыс өтіп жатыр
Елордада триатлоннан халықаралық жарыс басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Хабар24 порталына сілтеме жасап.
Елордада триатлоннан өтетін халықаралық жарысқа 1500 адам қатысады.
Әлемнің 50 елінен келген 1500-ге жуық атлет Есіл өзенінде алғашқы жүзу кезеңіне кірісті. 1900 метрлік жүзу сынынан кейін олар 90 шақырымдық велобәйгеге ойысты.
Ал үшінші - 21 шақырым жүгіну кезеңінде көшбасшылардың алғашқы тобы анықталды. Мәре сызығын бірінші болып британиялық Нилс Фрумхолд кесті. Ол жарысты 3 сағат 46 минут 7 секундта аяқтады.
Ал әуесқойлар арасында қазақстандық әйгілі спортшы Александр Винокуров екінші келді. Ол жарыс сынақтарын 4 сағаттан астам уақытта еңсерді.
Айта кеткен жөн, триатлоннан тағы бір әлемдік бәсеке келер жылы Жаңа Зеландияда өтеді. Елордадағы үздік нәтиже көрсеткін 40 спортшы сол жарысқа жолдама алады.