ФИФА: Нәсілшілдік кемсітушілік үшін қатаң жаза тағайындалады
ФИФА нәсілшілдік кемсітушіліктің түрлеріне қатысты тәртіптік кодекстің ережелеріне түзетулер енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Yahoo Sports сайтының хабарлауынша, жаңа ережелер келесі аптадан бастап күшіне енеді.
Нәсілшілдік кемсітушіліктің түрлеріне қатысты тәртіптік кодекстің ережесіне сәйкес, дисквалификацияның ең аз мерзімі 10 матчқа дейін ұзартылды.
Мұндай кемсітушілік орын алған жағдайда клубтар 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі айыппұлмен жазаланатын болады.
Нәсілшілдік құрбандары ауызша немесе жазбаша өтініш жасау үшін тиісті органдардың отырыстарына шақырылуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или