«Барселона» Неймар үшін ешқандай қаржы төлегісі келмейді
«Барселона» ұжымы «Пари Сен-Жермен» клубына Неймарға қатысты ұсыныс тастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Bild журналисі Кристиан Фальк өзінің Twitter<span> парақшасында мәлім еткендей, к</span>аталониялық клуб Неймар үшін ПСЖ-ға үш ойыншысын ұсынған. Олар: шабуылшы<span> </span>Усман Дембеле, жартылай қорғаушы Фелипе Коутинью, қорғаушылар Самюэль Умтити немесе Нельсон Семеду.
<span>Бұған дейін испаниялық клуб ПСЖ-ға 100 млн еуро және Филипе Коутиньоны қосып беруді ұсынған болатын.</span>
БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, «Барселона» Неймармен 5 жылдық келісімшартқа отырған. Шабуылшы жылына 24 миллион еуро жалақы алмақшы. Бұл ПСЖ сапындағы алатын жалақыдан 13 млн-ға кем.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или