Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) рингке 27 шілдеде оралады. Ол Арлингтондегі (АҚШ, Техас штаты) College Park Center аренасында жұдырықтасады.

<span>Аталмыш сайттың Boxrec.com мәліметтеріне сүйене отырып таратқан ақпараттарына қарағанда, Данияр Елеусіновтің қарсыласы «Тышқан» деген лақап атпен белгілі 26 жастағы Оскар Кортес (27-4, 14 КО). Ол өзінің рекордынан бөлек Сауль Альварестің жеке промоутерлік компаниясы Canelo Promotions-тің клиенті болғанын және танымал боксшының бапкерлері Хосе мен Эдди Рейносоның қол астында жатыққанын мақтан ете алады.</span>

<span>Данияр Елеусіновтің қатысуымен болатын бокс кешінің хедлайнерлері бірінші жартылай салмақтағы Хосе Карлос Рамирес (24-0, 16 КО) пен Морис Хукер (26-0-3, 17 КО). Олар WBC мен WBO тұжырымдары бойынша чемпион атағын сарапқа салады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или