Цхададзе: Тапсырманы аз да болса орындады
«Ордабасының» бас бапкері Кахабер Цхададзе — «Торпедомен» өткен ойыннан кейінгі баспасөз жиынында.
— Менің ойымша, тапсырманы аз да болса орындадық: бастысы қақпамызды құрғақ ұстап, гол соқтық. Ойын жайлы айтсам, біз қарсыласты барлық күшімен қорғанады деп күттік. Оларда өте ақылды жəне жақсы бапкер бар, көбісі оңай ойын болады есептеді, бірақ мен қиын ойын болатынын білдім. Бірақ ойын статистикаларына мəн берсек, біз қақпаға көп соққы бағыттап, бұрыштама добын жиі ұйымдастырғанбыз, бірақ, өкінішке орай, бізге соңғы нүкте қоятын дəл соққы жетіспеді.
Мен жігіттерімді кінəлай алмаймын. Менің ойымша, біз ауысымды да дұрыс жасадық, шабуыл шебін күшейттік, оң қапталдағы қорғаушының орнына ойын қарқынын күшейте алатын жəне осы кездесуде бізге жекелей щеберлігімен көмегін тигізген Зиги Бадибанганы шығардық. Гол соққаннан кейін, біз қорғаныста сенімді ойнау үшін қалыпқа келдік, жəне бұған қарамастан, біз қарсылас қақпасын қауіпті шабуылдармен көп мазаладық. Əрине, көбірек гол сала алмағанымыз өкінішті. Ендігі ойымыз келесі «Тобылға» қарсы өтетін матчта, себебі бұл чемпионаттағы маңызы зор кездесу, осы апта біз үшін өте өте тартысты жəне ауыр. Құдайға шүкір, құрамда өзгеріс жасауға футболшылар бар, қорытынды шығарып, ойынға дайындалатын боламыз.