Универсиада-2019: Екі спортшымыз финалға өтті
Неапольда өтіп жатқан Универсиада ойындарында жеңіл атлетикадан іріктеу сындары өтуде. Нақтылап айтар болсақ, әйелдер арасында биіктікке секіру мен үш қарғып секіруден финал жолдамасы сарапқа салынды.
<span>Ұлттық құрама мүшесі Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден финалға өтті. Ол іріктеу сынында 1.80 нәтижесін тіркеді. Мұндағы финалдық бәсеке 13 шілде күні 22.00-де өтеді. </span>
<span>Үш қарғып секіруден іріктеу сынында Мария Овчинникова жетінші орын иеленіп, финалға жолдама алды. Ол 13.41 метрге секірген. Әзірге үш қарғып секірушілер арасында Ольга Корсун көш бастауда. Оның нәтижесі – 13.75 метр.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или