Ковалев мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалев карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«2020 жылдың соңы, сонымен бітті: баламды тәрбиелеп, хоккейге баруым керек, нақты мақсат болу қажет. Баяғыдай амбиция жоқ.
Бұрынғыдай белбеулер қызық емес. Әрине, оларды біріктірсем, жақсы болады, бірақ ол маңыздысы емес. Белбеулер жақсы. Бірақ жақсы аяқтау керек», — деді Ковалев.
Айта кетейік, Ковалев қазір 36 жаста. Кәсіпқой рингте он жылдан бері жұдырықтасып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или