Қырғызстан тумасы Альваресті жекпе-жекке шақырды
Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы ресейлік боксшы, Қырғыстанда туған Дмитрий Бивол мексикалық Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды.
Бивол өз салмағынан қарсылас таппай жүргенін айтты.
«Менің командам дивизионымдағы барлық чемпионға ұсыныс жасады - Ковалевке, Бетербиевке, Гвоздикке, бірақ ешкім жауап бермеді. Біз бәріміз мықты боксшымыз, енді кімнің үздік екенін көрсетейік! Суперорта салмақтағы Каллум Смит пен Хильберто Рамиреспен де жұдырықтасқым келеді. Егер Сауль Альварес 14 қыркүйекте жекпе-жек өткізгісі келсе, мен дайынмын», – деді Бивол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или