Шетелдік БАҚ: «Тобылмен» тең түсу «Женесс» үшін жақсы нәтиже
Fupa.net порталының жазуынша, люксембургтік «Женесс» үшін Еуропа лигасының бірінші кезеңінде «Тобылмен» тең түсу жақсы нәтиже, деп жазады Prosports.kz сайты.
<span>«Қазақстанның «Тобыл» «Женеске» қарсы тұрған, бірақ кездесудің 90 минуты бойы жанкүйерлер соғылған гол көре алмады. Бұл нәтиже Люксембург чемпионы үшін жақсы. Өз алаңында 0:0 есебімен тең түсу өте тамаша, себебі қонақтар екінші таймның ортасында бірқатар жақсы мүмкіндікке ие болған. Бірақ «Женесс» өз қақпасын голдан сақтай алды», - деп жазды портал. </span>
<span>Айта кетейік, «Тобыл» Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда люксембургтік «Женесспен» кездесіп, 0:0 есебімен тең түскен болатын. </span>
<span>Енді қарымта кездесу 18 шілдеде 18:00-де «Астана Аренада» өтеді.</span>
<h4>«Тобыл» сырт алаңда тең ойнады</h4>