«Тобыл» сырт алаңда тең ойнады

«Тобыл» сырт алаңда тең ойнады
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің алғашқы турында қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда Люксембургтың «Женесс» клубымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық командалар Еуропа жорығының жаңа сериясын бастады. Кеше елордалық «Астана» чемпиондар лигасының іріктеуінде өз алаңында румыниялық «ЧФР Клуж» клубын 1:0 есебімен жеңіп, жаңа еуромаусымды сәтті бастап берді.

Ал Еуропа лигасында жарыс жолына алдымен «Тобыл» шықты. Алайда Қостанайлық команда «Астананың» жеңісті жолын жалғай алмады. Алғашқы ойынын сырт алаңда өткізіп, тең тарқасты.

Командалардың қағаз жүзіндегі әлеуетіне қарап, жанкүйерлер қазақстандық команда көп қиналмай жеңіске жетер деп сенген еді. Алайда, алаң иелері бұл пікірге қарма-қарсы өнер көрсетті. Бірінші таймда алаң иелерінің аздаған басымдылығы байқалады. Төрт мәрте дұрыс бағытталған соққысын, қонақтардың қақпашысы қайтарды. Ал екінші таймда қос команда да көңіл көншітерлік ойын көрсете алмады.

Еуропа лигасы. Іріктеу. І тур

«Женесс» - «Тобыл» - 0:0

Ескертулер: Валиуллин 30, Нұрғалиев 41, Себаи 52, Жулпа 64

«Женесс»: Кевин Сомме (Қ) - Эмманюэль-Эрве Ляпьер, Алессандро Фьорани, Милош Тодорович (К), Йоханнес Штейнбах, Лука Дурьятти - Давид де Соуза, Халим-Меди Меддур, Арсен Менссу - Янник Макота, Алмир Клица;

«Тобыл»: Эмиль Балаев (Қ) - Никита Бочаров, Виктор Дмитренко, Фернандер Кассай, Джаба Канкава, Руслан Валиуллин - Артурас Жулпа, Ника Квеквескири - Азат Нұрғалиев (К), Михаил Гордейчук, Сенин Себаи;

«Астана» Еуропаға жорығын сәтті бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер