Таэквондо. Гран-приге қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

Таэквондо. Гран-приге қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкерлер кеңесі 29-31 тамыз күндері Астанада өтетін Бүкіләлемдік Гран-приге қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды таэквондо федерациясының ресми сайты.

Бүкіләлемдік Гран-при сериясы - Олимпиадалық салмақтар бойынша әлемдік рейтингтің үздік 35 спортшысының тізіміне енгендер ғана қатыса алатын турнирлер. Қазақстан өткізуші ел ретінде рейтнгтен тыс әр салмақта бір қатысушыдан қосуға құқылы. Соңғы рейтинг бойынша үздіктер тізімінде тек Феруза Ергешованың есімі ғана бар. Сол себеппен бас қаладағы беделді бәсекеде тоғыз қазақстандық спортшы бақ сынайды.

Астана-2014 Бүкіләлемдік Гран-приіне Қазақстан құрамасы:

Ерлер.

58 кг – Нұрсұлтан Мамай

68 кг – Қайрат Сарымсақов
80 кг – Мақсат Абдрамбек
+80 кг – Смайл Дүйсебай

Әйелдер.
49 кг – Фариза Алдонғарова
57 кг – Әсел Қойлыбай
67 кг – Гүлім Бибалаева
+67 кг – Феруза Ергешова,Мереке Жүнісова

Қазіргі уақытта Қазақстан командасы Щучинсктегі «Жақсы-2» спорт базасында дайындықтарын пысықтауда. Таеквондошыларымыз Астанаға 26 тамыз күні келетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или