Таэвондо. Марат Әбдіқалиев - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Таэвондо. Марат Әбдіқалиев - әлем чемпионатының күміс жүлдегері
<p style="text-align: justify;"> <strong>14-22 тамыз аралығында Иран астанасы Тегеранда WTF таеквондодан әскерилер арасында 22-ші әлем чемпионаты (CISM) өтті, деп хабарлайды таэквондо федерациясының ресми сайты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Жарысқа 25 елдің спортшылары қатысуда. Олардың арасында әлем азулылары Корея, Ресей, Қытай және тағы басқа елдер бар. Қазақстан құрамасы аталмыш жарыста жүлде еншілеп үлгерді. 54 келі салмақ дәрежесінде бірнеше қарсыласты жыққан Марат Әбдіқалиев ақтық сынға дейін жетті. Өкінішке қарай, жерлесіміз финалда жарыс қожайынына есе жіберді. Нәтижесінде Әбдіқалиев әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бапкері -&nbsp;Әнуар Бейсенұлы Үсенов.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или