Дан Петреску: «Астана» қазір өз бабында
«Астана» - ЧФР Клуж (1:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін румыниялық команда бас бапкері Дан Петрескудың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
— Тоблодағы есеп — бүгінгі кездесудің нәтижесі.
— Дорин Ротариудың ойынына қандай баға бересіз?
— Ол өте жақсы ойын үлгісін көрсетті.
— «Астана» сапынан қай ойыншыларды ерекше атап өтер едіңіз?
— Томасов өте мықты ойыншы. Маевский орталық алаңда жақсы ойнады. «Астананың» шабуыл шебі мен орталық алаңында тәжірибелі футболшылар жинақталған.
— Командаға бүгінгі кездесуде не жетіскен жоқ?
— «Астана» қазір нағыз бабында. Бұл біздің ресми өткізген екінші ойынымыз. Сондықтан да, ойын біз үшін қиын болды. Егер біз алғашқы таймда гол соққан кезде, барлығы басқаша болар еді. Қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін, жауапты ойында барымызды саламыз.
— Қарымта ойыннан не күтесіз?
— Команданың дайындығы қандай боларын білмеймін. Бізде алда чемпионат аясындағы бір кездесу бар. «Астана» - фаворит, 1:0 есебі олар үшін тамаша нәтиже. Біз өзімізге қажетті голдарды соғып, қазіргі жағдайды өз пайдамызға өзгерте аламыз деп ойлаймын.