Гедрюс Арлаускис: Бізді мықты қарсыласқа қарсы өте қиын ойын күтіп тұр
УЕФА Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы «Астана» - ЧФР Клуж арасындағы кездесу алдында румыниялық команда қақпашысы Гедрюс Арлаускистің қатысуымен баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
- Біз стадионға келер алдында қарсылас команданың бірнеше ойынын көріп, арнайы талдау жасадық. Менің ойымша, қарсыластың деңгейі өте жоғары, мықты команда. Бізге ертең оңай болмасы анық. Біз қазақстандық командалармен осыған дейін бірнеше рет жолдастық кездесу өткізгенбіз. Одан бөлек, мен «Стяуа» сапында бес жыл «Ақтөбеге» қарсы ойнаған едім. Осы тәжірибемнен алатын болсам, барлық қазақстандық командалардың деңгейі өте жоғары, мықты ұжымдар. Сондықтан, бізді өте қиын ойын күтіп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или