BoxRec: Чемпион атанған Тұраров бірден 137 сатыға көтерілді

 BoxRec: Чемпион атанған Тұраров бірден 137 сатыға көтерілді

Бірінші жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Inter-Continental чемпионы атанған Жанкош Тұраров (24-0, 17 КО) BoxRec рейтингісінде бірден 137 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Аргентина елінің өкілі Мауро Годоймен (31-5-1, 16 КО) қолғап түйістірген болатын.

Жекпе-жек 4 раундқа созылып, жерлесіміздің жеңісімен аяқталды.

Осы кездесуден соң Жанқош BoxRec рейтингісінде 204-орыннан 67-орынға жайғасты. 107-ші орында болған Годой 132-орынға төмен сырғыды. Тізімде барлығы 1690 боксшы бар.  

Айта кетейік, Тұраров екі жыл үзілістен соң шаршы алаңға оралды. Ол атақты британиялық MTK Global компаниясымен келісімшартқа отырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или