«Ордабасы» мен «Торпедо» кездесуінің төрешілері белгілі
Эстониялық төрешілер құрамы «Ордабасы» мен «Торпедо» арасындағы ойынға төрелік етеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Шымкентте өтетін УЕФА Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы кездесуде қызмет атқаратын төрешілер ұжымы белгілі болды.

Нəтижесінде, ойынның бас төрешісі болып эстониялық Роомер Тараев тағайындалды. Бұл реферидің еурокубок аясында қызмет еткен соңғы кездесуі Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі солтүстікирландиялық «Крузейдерс» пен болгариялық «Лудогорец» командалары арасындағы ойын.

Сол матчта аталмыш төреші үш сары қағаз көрсеткен, ал болгариялықтар қарсыласын қонақта тізе бүктірді — 0:2.

Оның көмекшілері ретінде отандастары Стен Клаасен мен Дмитрий Виноградов бекітілді. Кездесудің төртінші төрешісі қызметі Сийм Ринкенге сеніп тапсырылды.