Боб Арум: Сондерс Головкинді де, Альваресті де құлатады
Жеңілістің дәмін татпаған британиялық боксшы Билли Джо Сондерс Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде болды, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>сайты.
Сондерс Геннадий Головкинмен Қазақстанда жұдырықтасқысы келетінін айтты.
«Геннадий, сенің елің жақсы екен. Осы жерде сенімен жек-жекке шығуға дайынмын. Қалай қарайсың?» — деп жазды Сондерс.
<span>Еске сала кетейік, жақында Сондерс жайлы журналистердің Головкинге қойған сұрақтарынан кейін отандамыз: «Сондерс? Ол жайлы ұмытыңдар!» - деп жауап берген еді.</span>
Алайда атақты <span>«Top Rank» промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Сондерс Головкинді де, Альваресті де ұтатынын айтты.</span>
«Менің ойымша, Сондерс — Головкинмен өтетін жекпе-жекте фаворит. Альвареспен де солай. Головкин қарсылас іздеуде. Оған Сондерске көңіл аудар дер едім».