Фьюри Уайлдермен реванш қашан өтетінін айтты
Суперауыр салмақта WBC чемпионы Деонтей Уайлдер мен бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри 2020 жылы реванш өткізеді, деп хабарлайды<span> Prosports.kz</span> порталы.
«Реванш өтеді, келісімшартқа қол қойылған. Жекпе-жек 22 ақпанға жоспарланып отыр. Екінші кездесуде Уайлдерді нокаутқа түсіремін», — дейді Фьюри Daily Mail порталына берген сұқбатында.
Еске сала кетейік, Фьюри мен Уайлдер жекпе-жегі 2018 жылдың желтоқсанында өткен болатын. Кездесу тең аяқталды.
Фьюри 28 жекпе-жекте 27 рет жеңіске жетіп, бір тең ойын көрсеткен. Уайлдер 41 рет жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или