«Астананың» велошабандозы жарыс кезінде жарақат алды
«Астананың» велошабандозы Якоб Фульсанг «Тур де Франс» веложарысының бірінші кезеңінде құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span> Дәрігерлер жасаған қорытындыға сенсек, спортшының қабағы жарылған. Жарақат 4 жерден тігілді. Сондай-ақ, тізесі, иығы мен шынтағы жырылған. Рентгенография нәтижесі бойынша, спортшының еш жері сынбаған, алайда тізесінің айналасындағы бұлшық еті соғылған екен.</span>
<span> «Жарыс кезінде бір велошабандоз дәл алдыма құлап түсті. Оны айналып өту мүмкін болмады, сондықтан мен де құладым. Еш жерім сынбағанына қуаныштымын, демек, жарысты әрі қарай жалғастыра аламын. Ертең не болатынын көреміз», - дейді Фульсанг.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или